Тазалық һәм намаз жайында

Осы телехикаядағы Полаттың әкесі Өмер әкей нағыз тақуа адам. Осы кісіге қарап сүйсінесің. Асықпайды, ұстамды, сабырлы һәм тағдырға иман келтіруші. Дінді баршамыз осылай түсінсек, осылай жүрекке қабылдасақ игі… Бірі осы посттан кейін «ой мынауың сопы» немесе мынауың «сәләфи», «ханафи» «уахаби» деп ойлап қалуыңызда бек мүмкін-ау… Бірақ айтып отырғаным ақиқатқа таласқан ағымдар да емес, дін дегеніміз — қиянатсыздықта! Ойыңмен, тіліңмен, я басқа да әрекеттеріңмен зиян келтірмеу. Алланың дінін өзгерте алмайды ешкім, Ислам толықтырып, Алланың нығметтерімен бөленген дін. Ал біздің оған деген қатынасымыз өзгелерге діннің қандай екенін көрсетеді. Біз толықтай иман келтіріп, өзімізді түзеп, өзгелерге үлгі болғанда ғана сыртқы көрінісімізбен де Исламның қандай екенін көрсете аламыз. Сондықтан Дін түзу, бауырлар, алдымен өзімізді түзейікші!
Шәкәрім бабамыз айтады:
Жүрегі таза адамдар,
Зұлымдықтан амандар,
Қиянатсыз надандар —
Әулиеден кем емес! деп.

бауырлар, оймыз, көңіліміз таза болса, сөзімізде, ісімізде, құндылығымызда, тағдырымызда айқындалмақ. Әрбір қиындықтарға сабырлық танытып, шүкіршілік етейік, әсілінде бұл тағдырға иман келтіруде болар. Өзімізді түзесек, айналамызды да түзеуге үлгі болар едік.
Абайша айтқанда «Ит — маржанды не қылсын деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір ойланар...»
Әрі қарай

Көкжалдар мекені. Палестина. (трейлер және толық версиясы)

Трейлер:


Бұл фильмнің шыққанына 2 ай болды. Негізі өткен жылдың күзінде шығуы керек еді. Бірақ техникалық себептер бұған кедергі болды. Фильм Палестинадағы еврейлер істеп отырған зорлық-зомбылық туралы. Оқиға өткен жылы шабуыл жасалған, гуманитарлық көмек апара жатқан Мармара кемесінен басталады. Істегендердің жазасын беруге Полат Алемдар және командасы барады.
Әрі қарай